9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада дәрілік заттарға күн сайын мониторинг жүргізіледі

    Қызылорда облысында фармацевтикалық қызметпен 328 дәріхана және
    дәріханалық пункт айналысады. Оның ішінде, 178-і қалада орналасқан. Бұл туралы
    Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
    бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменова мәлімдеді.

    «Соңғы екі аптаның ішінде халық тарапынан ыстықты түсіретін және вирусқа
    қарсы антибактериалды,иммуномодуляциялық препараттарға сұраныс артуда. Әсіресе,
    Цефазолин, Цефтриаксон секілді тек дәрігердің рецептісімен берілетін дәрілер. Әр дәрілік
    заттың шектеулі жарамдылық мерзімі бар. Оған қоса, дәрігердің тағайындаусыз
    антибиотик, инъекциялық дәрілік заттарды сатып алуға болмайды», – деді Ғалия
    Әбсадыққызы.

    Бұдан бөлек, дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда дәріхана
    маманы емделушіге дәрілердің аналогтарын ұсынады. Мысалы, «Парацетамол 500 мг
    таблетка» дәрілік затын «Эффералган», « Панадол» дәрілерімен ауыстыруға болады.
    «Қазіргі таңда 6191 дәрілік заттың атауына бөлшек және көтерме сауда үшін
    шекті баға бекітілді. Бұл дегеніміз, баға шегі анықталады, одан әрі жоғары бағада сата
    алмайды. Яғни, дәрінің жарты жыл ішінде бағамы да,сату маусымдылығы да әсер
    етпейді», – деді сала басшысы.

    Айта кетейік, дәрілік заттардың шекті бағасын Dari.kz мобильді қосымшасынан
    білуге болады.

    Сонымен қатар, мониторингтік топ күн сайын тұрғындардың сұранысына ие
    дәрілерді қай дәріханада бар екені жөнінде ақпарат береді. Ақпаратты департаменттің
    «Сапа қауіпсіздік бақылау» фейсбук парақшасынан жариялайтын болады.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жолдады

    Фариза

    Электр энергиясы үшін есеп айырысу жүзеге асу шарттары

    Фариза

    Карантин жеңілдетілді: мейрамханаларға 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.