4 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

    Ұлы Жеңіс күні – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында, Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары  әділет полковнигі Манас Жұмашұлы Тұяқбаев, ЛА-155/4 мекемесінің бастығы  әділет майоры Мадияр Серікұлы Қонқанов «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде, Ішкі істер органдарында абыроймен қызметтерін атқарған Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері: тыл еңбеккері, отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Шонбаев Әмірбай Жаманбайұлын, интерноцианалист-жауынгері отставкадағы ішкі қызмет майоры Кондратьев Олег Михайловичті, Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгері отставкадағы әділет прапорщигі Жанболат Досымбекұлы Секимовты мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тарту етілді.

    Шонбаев Әмірбай Жаманбайұлы 1928 жылы 5 желтоқсанда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Көк-өзек ауылында дүниеге келген. Еңбек майданының қатысушысы.

    1949-1951 жылдары Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, әскери борышын Мәскеу облысының Загорск қаласында өтеген.

    1950-1953 жылдары КСРО ІІМ Ленинград әскери-саяси мектебінде оқыды.

    Мектепті бітіргеннен кейін Магадан қаласына жіберілді, онда 4 жыл комсомол желісі бойынша нұсқаушы болып жұмыс істеді.

    Ішкі істер органдарында 36 жыл қызмет атқарып, 1985 жылдың сәуір айында ішкі қызмет подполковнигі атағында зейнетке шықты.

    1995 жылы Жеңістің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Отан соғысы жылдарындағы елдегі еңбекке қатысқаны үшін, еңбек ардагері атағы,  Ұлы отан соғысының 70-жыл толғанына орай ҚР ҚМ мен ІІМ бұйрығы бойынша ішкі қызмет полковнигі атағы берілді.

    1997-2017 жылдар аралығында ЛА-155/4 мекемесінің Ардагерлер кеңесін басқарды.

    Кондратьев Олег Михайлович 1961 жылы 30 тамызда Ресей мемлекеті, Красноярск қаласында дүниеге келген. Интернационалист-жауынгері.

    Ішкі істер органдарында 17 жыл қызмет атқарып, 2001 жылдың желтоқсан айында ішкі қызмет майоры атағында зейнетке шықты.

    О.М.Кондратьев 1981 жылдың 14 маусымынан 25 қарашасы аралығында Ауғанстан жерінде соғысқа қатысқан. №51863 әскери бөлімінің әскери барлауында барлаушы болып борышын өтеген.

    «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.

    Секимов Жанболат Досымбекұлы 1979 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Естемесов ауылында дүниеге келген. Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгер.

    Ішкі істер органында 12 жыл қызмет атқарып, 2018 жылдың маусым айында әділет прапорщигі атағында зейнетке шықты.

    Ж.Д.Секимов 1999 жылдың 23 ақпанынан 23 тамызына дейін төтенше жағдай кезінде Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекараларын күзету бойынша №2547 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.

    «Шекараны күзетуге 100 шығу», 2 дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төс белгісімен  марапатталған.

    Ардагерлер өздерінің алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. «Енді соғыс болмасын! Замандарың тыныш болсын, еліміз үшін адал қызмет етуді» тіледі.

    Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Елімізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлаған майдангерлеріміз бен тыл ардагерлерінің және де оларға теңестірілген тұлғалардың ерлігі мәңгі жадымызда сақталады.

     

     

     

    қатысты посттар

    Бір сурет мың сөзге татиды

    ШҚО-дағы колледждерде болашаққа қажетті мамандар даярлануда

    Шымкентте қантты күлше шығарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.