5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус Қоғам

    Алматыда “Ақкент” тұрғын үй кешені карантинге алынды

    Алматыда “Ақкент” тұрғын үй кешені карантинге алынып, қоршалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Тұрғындардың хабарлауынша 19 наурыз күні Алматыға келген “Ақкент” тұрғын үйінде жалға алып тұрған адам коронавирусты жұқтырған. Ол Қытайда, Түркияда болып, одан кейін 19-ы күні Алматыға келген.

    Қазіргі таңда КТК арнасының журналистері оқиға орнынан видео жолдауда. Ресми ақпарат күтілуде.

    Естеріңізге сала кетсек, бүгін Түркия және Белорус елдерінен келген коронавирусқа шалдыққан 4 қазақстандықтың жағдайы туралы хабарланған болатын. Олар 19 наурыз күні Стамбұл- Алматы және Мәскеу-Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Қазіргі таңда олар ауруханаға карантинге жатқызылды. Ал олармен бортта бірге болған жолаушыларға тексеріліс жүргізілуде.

    Бұған дейін Алматыдағы “Сұңқар”, “Almaty Towers” тұрғын үйлері, содай-ақ Медеу ауданының 3 тұрғын үй кешені карантинге алынған болатын.

    Бүгінгі ақпарат бойынша коронавирусқа шалдыққандардың саны 68-ге жетіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында-35, Алматыда-29, Қарағанды облысында-2, Алматы облысында-1, Ақтөбе облысында-1.

    қатысты посттар

    «Аяғымен басынан тебеді»: қалталы азаматқа тұрмысқа шыққан келіншек көрген қорлығымен бөлісті

    Фариза

    Оралда мас күйде жол апатына ұшыраған полиция бастығы қамаудан босатылды

    Фариза

    “Құжатта бар, қоймада жоқ қымбат ас”. Аягөздегі төрт бала көз жұмған орталық

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.