11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Ыстамбұлдан коронавирус жұқтырып келген науқастың жағдайы белгілі болды

    Алматыда коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскен 29 адамның екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, – деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

    Бүгін коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы белгілі болды. Олардың біріншісі – 1985 жылғы ер адам, ол 19 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. Екінші науқас басқа науқастан жұқтырған, ол Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екені айтылады.

    “Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында 29 науқас жатыр. Олардың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, қалғандарының жағдайы – қанағаттанарлық”, – делінген хабарламада.

    Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 67 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді.

    қатысты посттар

    Тоқаевтың кеңесшісі: Карантин тағы бір айға созылуы мүмкін

    Фариза

    Әсел Тасмағамбетова, Кеңес Рақышев, Вячеслав Ким коронавируспен күресуге қанша ақща бөлді

    Фариза

    Елімізде дүкендер мен сауда орындарында маскасыз жүруге тыйым салынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.