10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Денсаулық Саясат

    Маска жоқ деген халыққа Біртановтың бар айтқан сылтауы: “Сау адамға қажет емес” (видео)

    Соңғы 3-4 аптада еліміздегі дәріханаларда қарапайым хирургиялық маскалардың таусылғаны белгілі. Qazweek.kz ақпарат агенттігі осы мәселені көтеріп, “Коронавирус тіркелмеген Қазақстанда маска да жоқ, бюджеттен бөлінген 2 млрд та жоқ” атты мақала жазған болатын.  Қазақстанда халық жаппай маска сатып алмаса да, дәріханалардың ешбірінде жоқ, сонда ол маскалар қайда кетті? Дәріхана қызметкерлері олардың Қытайға жөнелтіліп жатқанын айтқан болатын.

    Маска мәселесі ҚР Денсаулық министрі Біртановтың құлағына жетіп, министр өз жауабын айтты.

    Оның сөзінше, сау адамға маска тағудың еш қажеті жоқ екен. Сонда министр Біртанов масканы мүлде қажет емес дегені ме?

    https://www.facebook.com/196849530492917/posts/1421363281374863/?vh=e

     

    Қазіргі таңда коронавирус Қазақстанда ресми тіркелген жоқ, алайда елімізде бұл вирустың жоқ екеніне халық сенбейді. Десек те, өлімге акеліп соқтыратын коронавирус Қазақстанда ресми тіркелсе не болмақ? Сол кезде де масканың мүлде қажеті жоқ деп отыра ма? Ауру айтып келмейді деген бар, бұл вирус халыққа қауіп төндірсе, қайтпек керек? Дәріханалардан қарапайым масканы таппай отырмыз, вирус шықса, күніміз не болмақ?

    Әлде «қара нарықтың кәсіпкерлері» қарапайым халықтың денсаулығына түкіргені ме?

    «Барлығы біздің бақылауымызда. Елімізде коронавирус тіркелген жағдайда онымен күресуге дайынбыз» деген ҚР Денсаулық министрлігі бір ғана масканы жеткізе алмай отырып қауіпті вирусқа қалай төтеп бермек? Біздің бар дайындығымыз осы ма?

    Айта кетейік, коронавируспен күресу үшін бөлінген 2 миллиард ақшаның қайда кеткенін сұраған журналистерге министр Біртанов “Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын” деп айтқан болатын.

    Біздің Үкімет Қазақстанға осындай қасірет келген жағдайда ғана қимылдай бастай ма?

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    200 мың айлық ұсынамыз, бірақ жұмыс істейтіндер жоқ – вице-министр

    Фариза

    “Мұндай Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі” – саясаттанушы

    Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.