10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәбидің өліміне үшінші күдікті ұсталды

    Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шарананың өліміне қатысты іс бойынша үшінші күдікті анықталды. Бұл жолы аталған перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы ұсталған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Телеарна мәліметінше, үшінші күдіктіге алдын ала сөз байласу арқылы топтасып, дәрменсіз күйде екенін біле тұра адам өлтіру дерегі бойынша айып тағылған.

    Яғни, ол өткен жылдың 29 қыркүйегінде жаңа туған баланы мұздатқыш камераға салған деп күдіктелуде.

    Айта кетейік, бұл осыған дейін жауапқа тартылып жатқан перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қуаныштан кейінгі үшінші адам.

    Тергеу материалы бойынша Нысанбаев базаға енгізілген мәліметтерді түзетпеу үшін тірі туған сәбиді тоңазытқыш камераға салуды бұйырған.

    Мұны бас дәрігердің телефонын басқа бір іс бойынша тыңдап жүрген жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері ести сала орталыққа жеткенімен, сәбиді құтқарып үлгермеді. Ал Нысанбаев сол түні қаладағы сауналардың бірінен ұсталды.

    қатысты посттар

    Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты қажылыққа келуді уақытша тоқтатты

    Фариза

    Алматы облысында мешітке келушілерді тонап жүрген ер адам ұсталды

    Фариза

    Удай мас ер адам 1,5 жасар немересін пешке салып, өртеп жіберген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.