5 C
Алматы
Бейсенбі, 20 Ақпан 2020
https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Билік және саясат Қоғам

    Қордайдағы оқиғадан қаза болған Дархан Әбдірахым отбасының жалғыз ұлы болған

    Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қордай ауданында қаза болған Дархан Әбдірахым туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігі Қордай ауданындағы тәртіпсіздік салдарынан көз жұмғандар арасында Масанчиге басқа ауылдан келген бір адамның болғанын растап отыр.

    “Мерт болған Дархан Әбдірахым туралы не білеміз? Ол қазақ. Туыстары әлі күнге дейін оның өлімі туралы құжатты алған жоқ. Ол қақтығыс болған түні ауданның басқа тұрғындары сияқты Масаничге көмекке шығып кеткен. Жігіт 25 жаста болған. Ол жерде жатқан күйінде табылған, қан көп болған. Машинаға зақым келген, құжаттары жоғалған. Ол отбасының жалғыз баласы еді. Дарханның артында үш баласы қалды. Машина кредитке алынған. Оның ата-анасына жергілікті атқарушы органнан әлі ешкім келмеген. Журналистер де болмаған. Кешеден бері қайтыс болған жас жігіттердің аты-жөні жарияланып жатыр. Неге Дархан туралы ештеңе белгілі болмады?”, – деп жазды журналист Азамат Ерғали Facebook-те.

    Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде қаза тапқандар ішінде 25 жастағы Дархан Әбдірахымның да бар екенін растады.

    Бұған дейін Қордай ауданы Масанчи ауылындағы тәртіпсіздік кезінде көз жұмған сегіз адамның аты-жөні жарияланған болатын. Одан кейін тағы екі адамның мерт болғаны туралы белгілі болған еді.

    Қордайдағы оқиға

    7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне “Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр” деген ақпарат түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратты.

    Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлар батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза тапты. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Жүздеген адам жарақат алды. Қырғызстан жаққа өтіп, емделіп жатқандар да бар. Жаппай тәртіпсіздік кезінде үш полицейге оқ тиді.

    Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданған. 8 ақпан сағат 21:00-ден бастап Қордай ауданында төтенше жағдай енгізілген.

    Кеше ұсталған адамдардың көбісі босатылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

    Related posts

    Айсұлтан үкіметтің отставкісін кейінге шегерді

    Назерке

    Ақтөбеде белгісіз адамдар балаларға теріс ағымдағы дінді насихаттаған

    Фариза

    “Жетілдіру керек” – Тоқаев Назарбаев қабылдаған латын әліпбиінен олқылық тапты

    Назерке

    Пікір қалдыру

    2 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.