7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Педагогтар ант бермейді

    Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды

    – Мәжілістегі талқылау кезінде депутаттар мен Білім министрлігі Салалық білім кәсіподағының бастамасын қолдап, заң жобасындағы 5 баптың мазмұны түбейгелі өзгерді. Дәлірек айтсам, «Педагогикалық әдеп және педагогтың анты» деп аталатын баптың “педагогтың анты” деген бөлігі алынып тасталды. Осылайша, аталған баптағы «Педагог лауазымына алғаш тағайындалған адам ант қабылдайды», «Ант мәтінін және педагогтардың оны қабылдау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді» деген нормалар түгел алынып тасталды, – деп жазды білім кәсіподағының басшысы.

    А.Мұқашева заң жобасы Мәжілісте жан-жақты талқыланып, бірқатар баптарға түзетулер енгізілгенін, құжат талқылану үшін әрі қарай Сенатқа жолданғанын хабарлады. Айта кету керек, Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподағы заң жобасын жасақтау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Заң жобасын жасақтау кезінде ұстаздардан кәсіподаққа 40 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен.

    қатысты посттар

    Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

    Фариза

    “Еліміздегі алғашқы порностудия” Элиталы пәтерде порнографиялық материалдарды заңсыз дайындап, таратқандарды полиция ұстады (фото)

    Фариза

    “Тоқаев VS Қосанов” – Белгілі кәсіпкер таңдаудың 4 жолын көрсетті

    Пікір қалдыру

    19 − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.