10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Головкин жекпе-жегінен кейін алғаш рет ел алдына шықты (фото)

    Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянчекомен өткізген жекпе-жегінен кейін алғаш рет ел алдына шықты. Желіде боксшының отандасы әрі танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров пен екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Әли Ахмедовпен түскен суреті тарап кетті деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған Qazweek.kz

    Аталмыш фотоны Instagram желісінде Әли Ахмедов жариялаған. Бұл Головкиннің соңғы жекпе-жегінен кейін алғаш ел алдына шыққан сәті. Жас боксшы жүктеген жазбаға сәйкес, үш қазақстандықтың кездесуі Нью-Йорк қаласында өткен.

    Айта кетейік, алтыншы қазан күні Madison Square Garden алаңында Деревянченкомен өткен жұдырықтасу төрешілердің шешімімен GGG жеңісімен аяқталған. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да ауруханаға жеткізілді.

    Деревянченко оң көзінің жарақатын емдесе, Головкин профилактикалық МРТ тексерісінен өтті.

    Ахмедов жариялаған суретте Геннадий көзілдірік киіп алған. Алайда, оның бетінен көгерген іздер көрінбейді.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    https://www.instagram.com/p/B3d9CoXBKfC/?igshid=eyr95xok7j1a

    қатысты посттар

    Қазақстанда спорт университетін ашу ұсынылды

    Фариза

    Боксшы Қанат Ислам жазаланды

    Фариза

    Қанат Ислам намибиялық Каутондокваны жеңді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.