27 C
Алматы
Сенбі, 2 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Бұған дейін елорданы Бақыт Сұлтанов басқарған еді.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    “Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын”, – делінген президенттің жарлығында. 

    Алтай Көлгінов бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. Ал елорданы осы уақытқа дейін Бақыт Сұлтанов басқарған еді. Ол Астана әкімі болып (қазіргі Нұр-Сұлтан) 2018 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

    Алтай Көлгінов туралы не білеміз?

    Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Түркістанда туған. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін тәмамдаған. Мамандығы – заңгер.

    Еңбек өтілі

    2000 жылы әскерде борышын өтеген;

    2001-2008 жылдары әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды;

    2003-2007 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары;

    2007-2008 жылдары – әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы;

    2008-2010 жылдары – “АлашМедиаГрупп” компаниясы бас директорының орынбасары;

    2010-2012 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

    2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

    2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі;

    2016 жылдың 26 наурызынан осы күнге дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

    Отбасылық жағдайы

    Үйленген, 3 баласы бар.

    Похожие записи

    “Жаңа Конституция керек”. Түрмеден шыққан Макс Боқаев алаңда билікке талабын айтты

    Фариза

    Корея, Үндістан және Индонезия елшілері қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

    Фариза

    Шұғыл ақпарат! Баланы ата-әжемен қалдыру сіздің ата-анаңыз үшін қауіпті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.