19 C
Алматы
Сейсенбі, 5 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

    Алматыға келген Нұрсұлтан Назарбаевты жастар гүлмен қарсы алып, тұңғыш президентке алғыс білдірді, деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

    Елбасын қарсы алуға G-38 студенттік ұйымдарына мүше жоғары оқу орындарының екі мыңға жуық студенті келді.

    Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға көрсеткен қолдауы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

    Елбасы да өзін құрметпен қарсы алған жастарға ризашылығы мен тілегін жеткізді.

    “Сендер бақытты жансыңдар: әсем қалада оқисыңдар, әлемге әйгілі елде өмір сүресіңдер. Қазақстан – біздің отанымыз. Біздің міндетіміз – тәуелсіздікті сақтау. Баршаңызға зор денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев студенттерге.

    Похожие записи

    Кірленген туды көрген Премьер-министр кеңсе қызметкерлерін жұмыстан қуды (видео)

    “Халық үшін жұмыс істейтін азамат бұлай жасамайды!”

    Қазақстан үкіметі президент сайлауын өткізуге 9,4 миллиард теңге бөлмек

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.