8 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел түрмеде босанды

    Алматы қалалық соты Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған қылмыскерлердің аппеляциялық шағымын қарауға кірісті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

    Денис Тенді өлтірді деген айыппен сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға, ал олардың сыбайласы болды деп айыпталған аяғы ауыр Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімі шыққаннан кейін 2 апта өткен соң кінәлілер аппелляциялық сотқа шағым түсірген.

    Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев сотқа іс қағазына куәлік беруді сұрады. Белгілі болғандай, айыпталушы Жанар Толыбаева 2019 жылдың 6 наурызында екінші сәбиін абақтыда дүниеге әкеліпті.

    Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 19 шілдесінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автокөліктің айнасын ұрлаушылармен жанжалдасып, нәтижесінде көз жұмған болатын. Марқұмның автокөлігінің айналарын Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов шешіп алған, ал олардың сыбайласы Жанар Толыбаева сол кезде көліктен 7 метр жерде қарап, күзетіп тұрыпты.

    қатысты посттар

    Үш бірдей полицей түрмеге қамалды: сотталушының анасы Жоғарғы сотқа жүгінді

    Фариза

    Алматыда Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүрген тағы бір белсенді қамалды

    Фариза

    Тоқаев: Мен алтын ғасырдың президенті болдым

    Пікір қалдыру

    twenty + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.