-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Әлеумет

    Ажырасқандар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алмайды

    Олардың орнына тізімге жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар енгізілді

    Бүгінде еліміз бойынша 621 мыңнан астам қазақстандық баспана алуға кезекте тұр, оның ішінде 402 мыңы әлеуметтік осал топтағы адамдар. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың тұрғын үй проблемаларын жедел шешу үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу үшін тұрғын үй төлемдері енгізілді.

    Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдолдың айтуынша, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы осал топтағы және тұрғын үй мәселелерін шешуге аса мұқтаж азаматтар үшін ең тиімді механизм болмақ.

    «Біріншіден, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдар салған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді ғана сатып алуға болады. Екіншіден, қарыздың ең жоғары сомасы бойынша шектеулер алынып тасталды. Несие сомасы сатылатын тұрғын үйдің нақты ауданы бойынша айқындалатын болады. Бұл ретте, әлеуметтік тұрғын үй сапасын арттыру мақсатында, 160-240 мың теңге диапазонынан 170-290 мың теңгеге дейін құрылысты қаржыландырудың және 1 шаршы метрді іске асырудың баға параметрлері қаралды», — деді Бауыржан Қабдол.

    Бұдан бөлек, бұл бағытта кірісті растау бойынша шекті шектеулер алынып тасталды, бірақ қатысушы төлем қабілеттілігін растауға міндетті. Сондай-ақ, алғашқы жарна 10% мөлшерде қарастырылған.

    Тағы бір айта кетерлігі, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардан «Толық емес отбасы» санаты алынып тасталды. Оның орнына тізімге жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар енгізілді. Демек, ендігі кезекте бұл бағдарламаға көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар отбасылар және жетім балалар қатыса алады.

    «Жүргізілген мониторинг «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап әкімдіктерде «Толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72% — ға немесе 61,6 мың адамға артқанын көрсетті. Бұл ретте, әлеуметтік осал топтардың арасында толық емес отбасылардан шыққан кезекте тұрғандардың үлесі 36%, ал жалпы санынан — 23,8%-ды құрайды, бұл басқа кезекте тұрғандардың тең емес жағдайын тудырады. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштердің 50%-дан астамы осы санаттан келіп түсті, оның 35%-ы жеңілдетілген қарыздар алды. 2022 жылы барлығы 32,4 мың өтінім берілді, оның ішінде толық емес отбасылар бойынша — 50,6 % (16,4 мың өтінім), көп балалы отбасылар бойынша — 39,1% (12,7 мың өтінім), мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бойынша — 10,1% (3,3 мың өтінім)», — деп нақтылады Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары.

    қатысты посттар

    «Түнде мектептерді улап жатыр»: Дәулет Мұқаев

    Фариза

    Өскеменде психодиспансерде есепте тұрған адам дүкенде бейтаныс баланы буындырған

    Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 13 млрд. теңге аударды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.