4 C
Алматы
Четверг, 21 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады

    Бұл туралы оның адвокаты мәлім етті

    Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады , деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

    Ол «Қазақтелеком» компаниясының қаржысын талан-таражға салып, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыпталып жатыр.

    Адвокаттың сөзіне сенсек, тараптар қылмыстық іс бойынша кінәсін толық мойындап отыр. Қайрат Сатыбалдының өзі болса осындай іске барғанына өкініп, шығынды толық өтеп беруге ниет танытқан. Оның адвокаты Қылмыстық іс бойынша татуласу көзделгенін сөз етті. Бірақ, қылмыстық істі тоқтату бойынша әзірге арыз-шағым түсірмейтіндерін айтты. Алайда, Қайрат Сатыбалдының кінәсін мойындап, шығынды өтеп беруге дайын екендігі туралы құжатты іске тіркеді. 

    Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қайрат Сатыбалдының соты өтіп жатыр. Судья журналистерге Қайрат Сатыбалдының сот отырысынан бейне-аудио жүргізуге тыйым салды. 

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Сатыбалдыны «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының қаражатын талан-таражға салды деген айыппен осы жылдың көктемінде қолға түсірген болатын. Шығын көлемі шамамен 12 млрд теңге.

    қатысты посттар

    Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

    Фариза

    Нұр-сұлтанда жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған директор ұсталды

    Фариза

    Алматылық шенеуніктер зымыран қозғалтқыштарын сатпақ болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.