-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Тоқаев кезектен тыс президент сайлау күнін белгіледі

    Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауын өткізу күні жарияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
    2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
    3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
    4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
    5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    қатысты посттар

    «Қазақ ешқашан сексенге келген ақсақалына «Шал, кет!» деп айқайлаған емес!» — Балғынбек Имаш

    Назарбаевтың шығындарын мемлекет төлейтін болады

    Халыққа «жаны ашыған» Айсұлтанның желідегі жазбалары, нәтижесінде, ақшаға тірелді ме?

    Пікір қалдыру

    fourteen − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.