Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Әлеумет

    Алматы облысында 5-сынып оқушысы асылып қалды

    Аталған факті Талғар аудандық ПБ-да тіркелді

    Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала кентінде 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты ІІМ растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Қайғылы оқиға 16 қыркүйекте Гүлдала кентінде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет) бойынша тергеу шаралары басталды.

    Экспресс К порталының жазуынша, өз-өзіне қол салған оқушының мәйітін нағашы ағасы тауып, полиция шақыртқан. Тергеушілер қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал мектеп директоры қыздың өліміне Telegram арнасындағы күдікті топтың ықпалы болды ма деп күдіктенеді.

    қатысты посттар

    «Мүгедек қызды 7 жыл бойы зорлап келген»: Шымкенттегі әлеуметтік орталыққа жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    Фариза

    Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 13 млрд. теңге аударды

    Фариза

    Табысы аз отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.