Оқиға Талдықорған қаласында болған
Жетісу облысында әйелді соққыға жыққан ер адам іздестірілуде. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz Azattyq Rýhy сілтеп
Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамға көшеде күш көрсетіп жатқан видеосы тарады.
«Бейнежазба назарға алынғанын хабарлаймыз. Аталған оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр мен Ақын Сара көшелеріне жақын жерде орын алғаны белгілі болды», — делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қалалық полицияға арыз бен өтініш түспеген.
Соған қарамастан факті бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажетті іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.