-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Әлеумет

    Өскеменде психодиспансерде есепте тұрған адам дүкенде бейтаныс баланы буындырған

    Өскемен қаласында психодиспансерде есепте тұрған адам дүкенде 12 жасар бейтаныс баланы қылқындыра жөнелген, деп хабарлайды Qazweek.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

    Қаладағы «Чайка» деген дүкенге келген ер адам балаға нақақтан-нақақ шабуыл жасады. Бұл сәт ғимараттағы видеокамераға түсіп қалған. 

    «Ол баламды әуелі боқтап, сосын мойнынан қылқындыра жөнелді. Егер дүкендегі басқа адамдар болмаса соңы не боларын елестетудің өзі қорқынышты. Әлеуметтік желілерде кейбіреулер «бәлкім бала оны мазақтаған шығар» деп жазып жатыр. Бірақ бейнежазбада көрініп тұрғандай әлгі еркек өзі келіп шабуыл жасаған. Оның үстіне менің ұлым өте момын, әлжуаз. Қатарластарынан бойы кішкентай болғандықтан ешкіммен ерегесіп, төбелеспейді», — дейді анасы Анастасия. 

    Оның айтуынша, учаскелік полиция инспекторы жедел әрекет етіп, камера жазбасынан күдіктіні тауып алған. Белгілі болғандай, ер адам психодиспансерде есепте тұр. Сондықтан тәртіп сақшылары оны психо-неврологиялық диспансерге жеткізген. 

    «Алайда келесі күні үйге балам қорқып жүгіріп келді. «Мама кешегі кісі біздің аулада жүр» деді. Шығып қарасам, рас екен. Мүмкін ол баламды аңдып, өш алайын деп жүрген шығар. Бірден учаскелік полицейге хабарластым. Ол қатты таңданып, қайтадан патрульдік сақшыларды шақырды. Сөйтіп, оны тағы да диспансерге жатқызған. Сол жақтағылар психикалық ауытқуы бар адамды қалайша босатып жібергеніне таңым бар. Прокуратураға барып арыз жаздым. Ондағылар маған «24 сағат ішінде тексеруді аяқтап, заңсыздықтар анықталған жағдайда тиісті шара қабылдаймыз» деп жауап берді», — дейді әйел. 

    Оның сөзінше, қазіргі уақытта күдікті диспансерде. Ал баласының мойны әлі де ауырады. 

    «Ұлым мойнын бұра алмайды. Одан бөлек, психикалық тұрғыда соққы алды ғой. Шынымды айтсам, осыдан кейін баламды далаға шығарудан қорқатын болдым. Ешкімнің басына бермесін», — дейді анасы. 

    Аталған факті бойынша ресми ақпарат алу үшін ШҚО Полиция департаментіне хабарласып көрдік. Ведомство өкілдері тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

    «Дүкенде болған бұл жағдайға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам психо-неврологиялық диспансерге жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Өзге ақпараттарды жария етуге тыйым салынған», — дейді баспасөз қызметінен.

    қатысты посттар

    «Жомарт түлек-2021»: Танымал жамбылдықтар өздерінің туған жерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі

    Фариза

    Ажырасқандар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алмайды

    Алматы облысында 5-сынып оқушысы асылып қалды

    Пікір қалдыру

    eighteen + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.