-9.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды 

    Қазақстанда алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болды. Енді қоңырау шалғандар жұртты алдап жүр деген несие беру мамандарын әшкерелеуге көмек сұрайды. Бұл туралы «КТК» телеарнасы сюжетінде айтылған, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Алаяқ құрбандарының бірі Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны — Юрий Фоминых. Ер адамның айтуынша, оған телефон соққандар өзін Ұлттық банк қызметкеріміз деп таныстырып, интернеттегі алаяқтарды әшкерелеуге көмектесуін сұраған. Юрий келісіп, төрт миллион теңгеге екі несие алған. Қазір ол банктерге ай сайын 120 000 теңге қарыз.

    «Олар банк қызметкерлерін тексеру керек екенін түсіндірді. Өздерін таныстырып, аты-жөндерін, тегі, аты мен әкесінің атын, сәйкестендіру нөмірлерін, байланыс телефондарын айтты. Қайта хабарлассам: иә, жұмыс істейді екен. Егер банк болса, олар жұмыс істейтінін растап тұрса, менен еш дерек сұрамаса онда шын шығар деп ойладым», — дейді Юрий Фоминых.

    Алаяқтар ұялы телефонға қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік мамандары немесе полиция қызметкері ретінде таныстырады. Олар өзінің «лауазымын» айтады. Содан кейін олардан адамдарды алдап жүрген кейбір несие менеджерін әшкерелеу үшін арнайы операцияға қатысуды сұрайды. Ол үшін, алаяқтардың айтуынша, одан несие алып, сосын ақшаны арнайы есепшотқа аудару керек.

    Полицейлер жұртты бейтаныс адамдарға сенбеуге, олар үшін несие алмауға шақырады.

    «Ішкі істер органдарының жүргізіп жатқан профилактикалық жұмысына қарамастан, азаматтардың сеніп қалатын жағдайлары жиі кездеседі. Күдіктілердің Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты бұл қылмыстарды ашу жиі қиынға соғады. Ал жәбірленушілер несиені төлеуге мәжбүр болады», — деді СҚО ПД аға жедел уәкілі Андрей Акопян.

    Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін психологтар интуицияға сенуге кеңес береді. Кішкене күмәніңіз болса, әңгімені үзіңіз.

    қатысты посттар

    «Құран оқимын, Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге жібер!» – имам ақша талап еткен

    Фариза

    Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеге өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    Фариза

    Батыс Қазақстан облысында суға талас болып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.