-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Нұрлан Нығматулиннің ұлы «Қазфосфат» ісі бойынша күдікке ілінді 

    Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов қылмыстық іс бойынша айыпталушы атанды. Бұл туралы Бас прокуратура жаңа мәліметтерді мәлімдеді. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Kaztag.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Хабарламада «Қазфосфат» ЖШС басшылығының 697 млн теңге көлемінде монополиялық табыс алуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны жазылған.

    Еске сала кетейік, 15 Шілдеде Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы қылмыстық іс бойынша айыпталушы екені белгілі болды.

    Бұған дейін, 5 сәуірде монополияға қарсы қызметкерлер «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты үлкен сұранысқа ие ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бірі – аммофос бағасын едәуір және негізсіз көтеру фактісі бойынша тергеудің басталғаны туралы мәлімдеді. Осылайша Мәжілістің бұрынғы Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлдары – Нұрхан мен Нұржан Нұрлановтың «Қазфосфат» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бағасын көтеруден пайда тапқаны белгілі болды. Осы тергеу бойынша қылмыстық іс қозғау үшін монополияға қарсы мамандар материалды құқық қорғау органдарына берді.

    Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бағасы елдегі тамақ өнімдерінің құнына тікелей әсер етеді. 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде «Қазфосфаттың» заңсыз кірісі туралы та айтқан болатын.

    Бұл «Қазфосфаттың» заңсыз әрекетіне қатысты жалғыз дерек емес. Зауытта соңғы жылдары адам шығыны да көбейген. 7 маусымда «Касфосфаттың» өндіріс ошағында бір жұмысшы қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 шілдеде зауытта қайғылы жағдай тағы қайталанды.  Бұл жолы бірден екі жұмысшы көз жұмған. Тағы бір адам 7 шілдеде қайтыс болды. Осылайша, бір ай ішінде үш түрлі жағдайда «Қазфосфатта» төрт адам қайтыс болды.

    11 шілдеде Тараз қаласының атмосферасын азот диоксиді мен күкіртсутегі заттарының ластағаны туралы жағдай тіркелді. Шаһардағы ауаның химиялық ластану көзі – «Қазфосфат» зауыты болды, апаттан кейін сутегі фторидінің үш есе артуы анықталды. Бір қызығы, 12 шілдеде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазфосфаттың» ауаны ластағаны туралы өз мәлімделеріне қарсы келіп, зауыттағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан асып кеткендігін жоққа шығарды.

    қатысты посттар

    Қайрат Құдайберген адамдарды «Дикий Арманның» төңірегіне топтасуға шақырған – прокуратура

    Фариза

    «Адам жасап сататын фабрикадан» 19 әйел құтқарылды

    Шиеліде автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі меморандум жасалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.