Четверг, 12 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жылқыны көлікпен аяусыз таптаған қаскөй жұрттың ызасын келтірді 

    Желіде тараған ақпаратта осындай қатыгездікке барған жүргізушінің ішімдікке сылқия тойып алғаны жазылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К  порталына сілтеме жасап.

    Видеодан жерде тыпыршып жатқан жануарды азаматтың жол талғамайтын көлікпен аяусыз таптап жатқаны көрінеді. Ал көліктің астында қалған аттың жан дауысы шығып жатыр.

    Сол жерде жүрген бірнеше адам қатыгез жүргізушіге тосқауыл бола алмады. Жігіттер оған тоқтау айтудың орнына оқиғаны телефон камерасына түсіріп, қарап тұрады.

    Мына жігіт кеше біздің жылқымызды басқан. Кеше полициялар алып кеткен. Бүгін шығып отыр. Бұл не масқара? — дейді видео авторы.

    Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

    Ал бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиді.

    «Видеоға түсіріп тұрмай, тоқтатпайсыңдар ма?»,»Жануар қиналды-ау. Мынаны соттау керек»,»Қандай қатыгез адам мынау?»,-  деп жазды пікір білдірушілер.

    қатысты посттар

    «Бір қызды зорлаған 14 күдіктінің біреуін де полиция ұстаған жоқ» Белгілі заңгер Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады

    Фариза

    «Қазақтарды ауылға кіргізбейміз!». Полиция өзбек-қазақ арасындағы жанжалға пікір білдірді

    Фариза

    «Ресми өкіл ретінде айтамын, вирус жоқ, бәрі ойдан шығарылған. Сенбеңіздер!» — Диас Ахметшәріп

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.