-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мемлекет Тимур Құлыбаевтың зауытын мәжбүрлі түрде тартып алды

    Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың зауыты мәжбүрлі түрде тартып алынды.

    Мемлекеттік құжаттарды талдау негізінде Тимур Құлыбаевтың газ химиясы жобасының экспроприацияланғаны анықталды.

    Полиэтилентерефталат зауыты 700 миллион доллардан миллиард доллар аралығында бағаланады. Полиэтилентерефталат  енгізу туралы меморандумға 2017 жылы қол қойылды. Оның өтініш берушісі Құлыбаевтар отбасына тиесілі «ALMEX Holding Group» АҚ құрамына кіретін «Almex Retrohemecal» ЖШС болды.

    Полиэтилентерефлатат – бұл негізінен әртүрлі типтегі және мақсаттағы пластикалық контейнерлерді өндіру үшін қолданылатын термопластик, бірақ көбінесе пластикалық бөтелкелер үшін жасалады. Полиэтилентерефлатат жобасына қатысты жанжал ең алдымен, басқа газ өңдеу және газ-химия өнеркәсібінен айырмашылығымен және кешеннің Атыраудан 28 шақырым жердегі газ-химия өндірісі бойынша арнайы еркін экономикалық аймақта (Қарабатан АЭА) салынуы жоспарланбағандығымен түсіндірілді.

    Бірақ Атыраудың өзінде, Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағында, тікелей облыс орталығының шекарасындағы осындай салаларға ЖСҚ-дан салық жеңілдіктері қарастырылған.

    Полиэтилентерефлатат шикізаты Атырау мұнай өңдеу зауыты жанама өнімдерінің өткір иісті заттарына жатады.

    Енді меншік иесі ауысқан соң Құлыбаевтың «Алмэкс» компаниясының орнына Полиэтилентерефлатат жобасын «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен ресейлік «СИБУР» компаниясы өз қолына алады.

    Еске салайық, өткен аптада Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев заңсыз жекешелендіріп алған газ өңдеу зауыты «Самұрық-Қазына» АҚ есебімен мемлекетке қайтарылған болатын.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова егін жинау жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтауды тапсырды

    Фариза

    «300 мың доллар!» Ғабидолла Абдрахимов өзіне тағылған айыпқа жауап берді

    Қызылорда: Шиелідегі күріш диірмендерінің жұмысы жандануда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.