-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мемлекет әскери база салу үшін қазақстандықтардың меншікті жерлерін тартып алмақ

    Жеке иеліктегі жерлерді мемлекет мұқтажы үшін азаматтардан алып алу Қазақстан заңдарында қарастырылған. Және ол үшін үкімет меншік иесіне тиісті өтемақы төлеуге міндетті.

    Алматы қалалық соты жерді жеке иеліктен мемлекет меншігіне қайтарудың жеті себебін атады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Үкімет жерді азаматтардың меншігінен шығарып алғанда оның тек мемлекеттің қажеттілігі үшін алынғаны дәлелді болуға тиіс.

    1. Жер жеке меншіктен үкімет еншісіне халықаралық келісімде көрсетілген шарттарды орындауға тиіс болғанда өтеді. Мысалы, белгілі бір азаматтың иелігінің аумағында мемлекеттік маңызы бар нысан тұрғызу қажет болғанда жер үкімет меншігіне өтеді.

    2. Жер қорғаныс бекетін немесе әскери база тұрғызу үшін қажет болған жағдайда үкімет меншігіне өтеді.

    3. Жер медициналық мақсаттағы сауықтыру орталықтары немесе тарихи маңызы бар нысандарды тұрғызу қажет болған жағдайда үкімет меншігіне өтеді.

    4. Қойнауында пайдалы қазбалар табылған жағдайда жер үкімет меншігіне өтеді.

    5. Жер автомобиль жолдары немесе теміржол құрылысы үшін қажет болған жағдайда үкімет меншігіне өтеді.

    6. Жер әуежай, аэронавигация және авиатехника нысандарын тұрғызу қажет болған жағдайда үкімет меншігіне өтеді.

    7. Жер мұнай немесе газ тасымалдайтын магистральді құбырларды тарту қажет болған жағдайда үкімет меншігіне өтеді.

    Жеке иеліктен мемлекет қарауына өтетін жердің құнын төлеу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңымен реттеледі. Аталған заңдық құжаттың 67-бабында көрсетілгендей меншік иесі мемлекеттен сатып алған, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер телімінің құны (залалдарды есепке алмағанда) нарықтық құн мөлшерінде айқындалады.

    Бірақ аталған баптың жерді мемлекет қажеттілігі үшін иесінен алатын жағдайдың бәріне келе бермейтіні түсінікті.

    «Жеке меншікке несие есебінде сатылған, бірақ құны толық өтелмеген (кеткен шығындарды есептеусіз) жерді мемлекет есебіне мәжбүрлеп қайтару кезінде мұндай жер телімінің бағасы мемлекетке төленген соманың деңгейінде болады», — дейді Алматы қалалық сотының өкілдері.

    Даулы жердің құнын анықтаудың екінші бір жолы — меншік иесіне төленетін сома сол жерде тұрған жылжымайтын мүліктің құнынан аспайтын сома деңгейінде анықталады. Бұл жерді үй немесе шаруа қожалығын тұрғызу үшін пайдалануға ниетті азаматтарға тиімді болмақ. Бірақ бұл шарт жерді егістік үшін пайдаланбақ болған меншік иелеріне жарамайды.

    «Мемлекет қажеттілігі үшін алынатын жер телімінің бағасы оның иелеріне сот шешімі немесе азаматтық-құқықтық келісім арқылы өткен жағдайда тараптар арасында жасалған келісім немесе сот шешімінде көрсетілген деңгейде анықталады. Бұл ретте жердің құны оның нарықтағы бағасынан аспауға тиіс. Азаматтық-құқықтық келісімде жер бағасы көрсетілмеген жағдайда төленуге тиіс сома жердің кадастрлық құнымен анықталады», — дейді Алматы қалалық сотының мамандары.

    Жерді пайдаланушы азамат мемлекеттен оны пайдалану құқығын алмаған жағдайда оған пайдалануға берілген жер ешқандай өтемақысыз мемлекет еншісіне қайтарылады. Ал жерді пайдалану үшін тиісті ақысы төленген жағдайда үкімет жерді пайдалану үшін кеткен шығынды толығымен өтеуге тиіс. Және азаматтың талабына сәйкес оған пайдалану үшін басқа жер берілуі мүмкін.

    қатысты посттар

    Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    Қызылордада медицина саласының қызметкерлері марапатталды

    Фариза

    Қызылордада дәрілік заттарға күн сайын мониторинг жүргізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.