15 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Болат Назарбаев пен оның экс-жұбайы Майраның үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның экс-әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Kozachkov offside Telegram-арнасының хабарлауынша, құзырлы органдарға тиісті мәлімдемені Нұрша Кәкенов берген. Ол «Karuan» ЖШС құрылтайшыларының бірі болғанын, бірақ оның үлесін тартып алып қойғанын жазды. Арызданушы шығынын 150 млн долларға бағалаған.

    Ашық деректерге сәйкес, «Karuan» ЖШС Маңғыстау облысында марганец өндірумен айналысқан.
    Еgov.kz порталының хабарлауынша, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестік иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып қалған.

    Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі – «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD.

    2021 жылы «Karuan» ЖШС жұмысын тоқтатқан.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    Сот «саяси тұтқын» Кенжебек Әбішевтің ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды

    Фариза

    Медсақтандыру қорының басшылары 77 млн теңге сыйақы алған

    Фариза

    Қызылордада жеміс-жидек дақылдарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.