Воскресенье, 16 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Үйлену тойында қалыңдығын ұрды: Желіде қызу талқыланған видеоның мән-жайы айтылды

    Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр, — деп хабарлайды Gazeta.uz.

    Өзбекстанның отбасы және әйелдер мемлекеттік комитетінің мәліметінше, оқиға 6 маусымда Сурхандария облысының Ұзын ауданындағы Толтугай махалласында Р.Х. (1997 жылы туған) мен А. Д. (2003) үйлену тойында болған. Той күйеу жігіттің үйінде өткен. Тойда тәттілерге байланысты байқау болған, оның мақсаты — кәмпиттерді тез ашу. Конкурсты қалыңдық жеңеді, кейін жұбайы оны басынан ұрып салады. 

    Сузун ауданының ішкі істер басқармасы оқиғаны зерттеп, күйеу жігіт және қалыңдықпен, сонымен қатар, олардың ата-аналарымен «профилактикалық әңгіме» өткізді. 

    «Азамат Р.Х. іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері табылып, оның құжаттары Ұзын аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотқа жіберілді», — делінген комитет хабарламасында.

    Басылым мәліметінше, ер адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы бойынша әкімшілік іс ашылған («Ұсақ бұзақылық» 3-тен 5-ке дейін базалық есептік айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады).

    қатысты посттар

    «Көшені кәдімгі сумен дезинфекциялап жатыр» — министрлік видеоға түсініктеме берді

    Фариза

    “Көзін жоюға бұйрық берді» Атырау перзентханасында екі айда 50-ге дуық бала шетінеп кеткен

    Фариза

    «Жиырма жыл бойы жинаған абыройын бiр күнде жерге төгiп тастады…»

    Пікір қалдыру

    5 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.