-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев мемлекетіміздің атауын өзгерту туралы айтты

    Бүгін елімізде алғаш рет өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың I отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен жақында өткен референдум арқылы еліміз жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдіріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

    «Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент сондай-ақ мемлекет атауына қатысты мәселеге де тоқталды.

    «Кей азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар.

    Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», — деді Қ. Тоқаев.

    қатысты посттар

    Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады — Тоқаев

    Фариза

    Шеруге шықпақ болғандарды полиция ұстап, алаңда күзет күшейді

    Фариза

    «Жеке мүддені қорғаштайды». Кәсіпкерлер облыс әкімі Даниал Ахметовті сөкті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.