-9.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Мәулен Әшімбаев: Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдаспаймыз

    Бүгін Сенат отырысынан кейін спикер Мәулен Әшімбаев бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі саясатқа қаншалықты араласып жатқанын айтты.

    Оның айтуынша, саяси науқандарға қатардағы азамат ретінде ғана қатысады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    «Өздеріңіз де көріп отырсыздар. Әрине, ауқымды шараларда, референдум, сайлау секілді шараларға ел азаматы ретінде қатыса алады. Барлық мәселелер заңда көрсетілгендей шешіліп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы референдум болғанда өзінің дауысын берді, ол әрбір азаматтық құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, Тұңғыш Президент ретінде Қазақстанның саясатына араласып отырған жоқ», — деді Сенат спикері.

    Оның айтуынша, барлығы Конституцияда көрсетілген. Ол жерде Президенттің, Үкіметтің және Парламенттің құқықтары бекітілген.

    Біз ол кісімен ақылдаспаймыз, ондай ешқандай шара жоқ. Қазіргі кезде биліктің барлық тармағы, барлық мемлекеттік органдар заң жүзінде өз құзіреттерін жүргізіп жатыр, — деп нақтылады Мәулен Әшімбаев.

    қатысты посттар

    Асқар Мамин елорданың шеткері аймақтарында тұратын азаматтардың мәселелерін шешу барысымен танысты

    Қазақстан үкіметі президент сайлауын өткізуге 9,4 миллиард теңге бөлмек

    Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

    Пікір қалдыру

    9 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.