-1.1 C
Алматы
Четверг, 19 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтөбеде үйсіз-күйсіз жүргендер 800 млн теңге айналымы бар компанияның басшысы болып шықты

    Ақтөбеде үйсіз-күйсіз жүргендер 800 миллион теңге айналымы бар компанияның директоры мен құрылтайшысы болып шықты. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының прокуратурасы қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында бұзушылықтарды анықтады. Орталықта тұратын 14 адам кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлары мен құрылтайшылары ретінде тіркелді.

    «Арнайы сұрақ қойып, «бизнес иелерін» тексеру барысында аталмыш компанияларға еш қатысы жоқ екендерін айтты. Олардың үшеуі – 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Сонымен қатар оларға тиесілі «бизнестің» айналымы 2021 жылдан бастап 2022 жылдың сәуіріне дейін 800 миллион теңгені құраған», – деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

    ​Талдау нәтижелері бойынша салық органдарына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, ал материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

    қатысты посттар

    «Карантинде аш отырғандар қайда?» Қазақтың қадірлі қонағына ғана қоятын малдың басы бүгінде қоқыстарда жатыр

    Фариза

    «Үйде қоқыс болып тұрады» Қазақстандық филолог тойларда арзан синтетика орамалдарды таратуды қою керектігін айтты

    Фариза

    Ақмола облысында спорттық жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.