Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Қызылорда-Түркістан» ақылы тас жолының цемент плитасы көтеріліп кетті

    Қызылорда-Шымкент ақылы тас жолы қызуға төтеп бере алмады. Ақылы тас жолдың цемент плитасы көтеріліп кеткен.

    Оқиға Түркістан облысында 8 маусым күні түстен кейін болған. Жүргізушілер Төрткөл ауылының маңында жолдың асфальтбетонды жабынын төсеп, шағын трамплин құрғанын байқады. Кейін жеңіл және ауыр жүк көліктері жолды айналып өтті.

    «Қазавтожол» оқиға республикалық Самара – Шымкент жолы бөлігіндегі Қызылорда – Шымкент ақылы тас жолында болғанын мәлімдеді. Оқиға болған күні өңірде жоғары ауа температурасы байқалған. Термометр +45 градусты көрсетті.

     

    Сағат 17.00 шамасында ауа температурасының жоғары болуына байланысты жолдың оң жағындағы жүріс бөлігінің цемент-бетон плитасы көтерілді. Қазіргі уақытта бөлшектелген. «ШымкентДорСтрой» мердігерлік ұйымымен уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қиыршықтас-құм қоспасы толтырылып, асфальтбетон жабыны төселді. Жұмысқа 10 адам және бес бірлік техника жұмылдырылды, олардың ішінде үш самосвал және гидромолот бар, – деп хабарлады ұлттық компания.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    «Істемеген істі мойныңа ал деді» Қыз зорлауға байланысты ұсталған күдікті асылып өлді

    Фариза

    «Мәйіті табылды» Анасының көз алдында ұрлап әкеткен бала өлі табылды

    Фариза

    Шамалғандағы пойыз апатынан зардап шеккен балалар мүгедек боп қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.