-1.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Аймағамбетов мектептегі үштілділік жүйесі өзгеретінін хабарлады

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі бастауыш сыныптарында үштілділік жүйесі өзгеретінін хабарлады.

    Ол nur.kz порталына берген сұхбатында мектеп оқушыларын нақты қандай өзгеріс күтетінін айтты. Оның айтуынша, енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді меңгереді. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. 

    «Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады» деді Аймағамбетов.

    Министр бұл бастама әдістеме тұрғысынан бұл – дұрыс бағыт екенін алға тартты. Бұған дейін де мұндай зерттеулер мен ұсыныстар жасалған, енді оларды енгізу жоспарланып отыр.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    Жамбылдағы білім беру мекемелері толығымен «Ашық» бағдарламасына қосылған

    Фариза

    Білім министрі мұғалімдерге көше сыпыртқандар жайында пікір білдірді

    Фариза

    Полиция Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.