15.4 C
Алматы
Воскресенье, 13 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР-тест пен вакцинация паспорты талабын алып тастайды

    8 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер үшін шекарадан өту кезінде вакцинация мен ПТР-тестті растау бойынша талаптар жойылады. Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ведомствоаралық комиссия мына талаптардың күшін жою туралы шешім қабылдады:

    • 2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер үшін COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе ревакцинация растауын (COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы), ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға қарсы сынаманың теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы міндетті талап.
    • еліміздің жеті өңіріндегі мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 көлік өткізу пунктінің жұмысына тыйым салу.

    қатысты посттар

    Елбасының «Ел Үміті» жалпыұлттық бастамасы: жобаларды іске асыру нәтижелері

    Фариза

    «Балаларға күш көрсетіп, қатыгездікпен қараған» Балабақшада тәрбиешілердің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалған (видео)

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы»: Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.