БҚО-да балаларды құтқарған азаматтарға сыйлыққа қолшам берілген, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға 30 мамырда Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында болған. БҚО полиция кинология орталығының инспекторы Ержан Қуанышев суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған, біреуі ес-түссіз болған. Тәртіп сақшысы оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Бұл ісі үшін полицей марапатталған.
«Құтқарушылар Департамент бастығының атынан алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, оларды ведомстволық наградамен марапаттау үшін материалдарды уәкілетті органға жібердік», — деді БҚО ТЖД өкілі.
Ержан Қуанышевке алғыс хатпен бірге шағын сыйлық — қолшам табысталған.
Осындай сыйлықты 3 маусымда суға батып бара жатқан баланы құтқарған шыңғырлаулық Денис Липин де алған. 13 жастағы Аманат Қаражанов достарымен бірге Елек өзеніне барып, шомылған кезде суға батып кете жаздаған. Денис көмекке келген. Жігіт баланы судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.