27.8 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында жоғалған қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген

    Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы айуандықпен өлтіру оқиғасы орын алды. Полицейлер екі күдіктінің ұсталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 мамырда оның анасы кәмелетке толмаған қызының (2005 жылы туған) жоғалып кеткені туралы арыз жазған.

    Әйелдің айтуынша, қызы 24 мамыр күні үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.

    Полицейлер оның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін адамдар тобын құрды. Олар Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам болып шықты. Қыз оларды жоғалған күні көшеде кездестірген.

    Жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, Қапшағай су қоймасынан алыс емес жерде оның денесінің көмілген жерін көрсетті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — Алматы ПД баспасөз қызметі

    Ведомствода атап өткендей, қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп жіберген.

    Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша ПБ жүргізетін болады, Алматы ПД баспасөз қызметі

    қатысты посттар

    Ақтөбеде 16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

    Фариза

    Мақтаарал ауруханаларында Сovid-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ

    Фариза

    «Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін…» — белгілі әнші митингіге қатысты өз ойын білдірді

    Пікір қалдыру

    1 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.