Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Біздің елде әлі күнге қуғын-сүргін құрбандарына бір минуттық үнсіздік құрметі көрсетілмейді

    Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Дегенмен, құрбан болған қаншама боздақтар үшін әлі күнге бір минуттық үнсіздік жарияланбай келеді. Соған орай, белгілі саясаткер Досым Сатпаев қуғын-сүргін құрбандарына бүкіл ел болып құрмет көрсетуге шақырды.


    «Бүгін Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Олар ұжымдастырудың, көшпелі мал шаруашылығын күштеп колхоздарға көшірудің, астық тапсыруды бір мезгілде мал басын айырып алуды талап етудің кесірінен бүтін бір ұлтты қырып-жоюға шақ қалған бір жүйенің құрбандары болды. Соның салдарынан қазақтар күнкөрістің негізгі көзі болып табылатын қызметпен айналысу мүмкіндігінен айырылды.«Геноцид» терминінің авторы Рафаэль Лемкин де бұл жан түршігерлік құбылысты мәдени жойылу деп түсінді, оның ішінде ұлттық қазақ зиялыларының қуғын-сүргін кезінде жойылуы, ашаршылық кезінде қазақтың көшпелі мәдениеті мен дәстүрінің көптеген тасымалдаушыларының физикалық өлімі, қазақтың ұлттық санасында терең жаралар қалдырды.Сондықтан, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде жыл сайын бүкіл елде миллиондаған қаза болған қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялау қажет. Бұл үнсіздік 10 жыл бойында өлтірілген, түрмеге жабылған және аштыққа сотталғандар үшін жасай алатын ісіміздің бір бөлігі ғана» , — деді Досым Сатпаев.

    қатысты посттар

    Бостандыққа шыққан Қуат Хамитов мәлімдеме жасады

    Фариза

    Арал ауданаралық ауруханасына медициналық құрал-жабдықтар табысталды

    Фариза

    Қаңтар қасіреті: қаза болғандардың аты-жөні неге жарияланбайды?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.