Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Оралда жұмыс істемейтін камераларға 54 млн теңге бөлінген

    Оралда 50 қоқыс орнына 100 камера орнатылған. Оған бюджеттен 54 млн теңге бөлінген. 2022 жылы тағы 120 камера орнату жоспарланып отыр.

    Protenge Telegram-арнасының мәліметінше, жергілікті әкімдік камераларды тұрғындардың сұрауымен орнатқан. Адамдар үлкен көлемдегі қоқыстарды тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне тастағанына жиі шағым түсірген.

    Уральская неделя басылымы биыл қоқыс орындарына тағы 120 камера орнату жоспарланғанын хабарлады.

    Қазіргі таңда 100 камераның тек 6-ауы ғана жұмыс істейді, 94-і биыл жазда қосылуы керек.

    Қоқыс жәшіктерінің маңында орнатылған камераларға былтыр ТКШ бөлімі мердігерге 54 млн теңге төлеген.

    Әзірге Антикор ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

    Фариза

    Қызылорда: Жалағаш ауданында егін жинау науқаны 5 қазанда аяқталады

    Фариза

    Қызылордада 51 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдікке қол жеткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.