-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсетінін айтты

    Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорт жарыстары мен әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық университеттерге грантқа түсе алады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.
    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың, спорт және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

    «Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық университеттерде бейінді бағытта білім алу үшін грант бөлуге мүмкіндік береді», — деп жазды министр әлеуметтік желіде.

    Аймағамбетов бүгін министрлік Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайтынын атап өтті. Қазақстандық оқушылар 70-тен астам елден қатысқан жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған болатын. Осылайша ұлттық құрама ІІІ орын иеленді.
    «Енді олар бірінші болып жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар президенттің шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр», — деді Аймағамбетов.
    Бұған дейін президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Оған сәйкес, алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы қарастырылған.

    қатысты посттар

    Мектептерде хиджаб киюге рұқсат етіле ме? — министрлік жауап берді

    Фариза

    Балаларды «ақымақ маймылдар» деп атаған мұғаліміге қатаң сөгіс жарияланды

    Фариза

    Барлық өңірде мектеп директорлары жаппай ауыстырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.