-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қоқыс маңынан табылған бала: 19 жасар ана қызын қалай өлтіргенін айтып берді

    Алматы облысы Сарқан аудандық соты қызын өлтірген анасы мен оның ағасына қатысты бұлтарпау шарасын қолдану мәселесін қарады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

    8 ақпанда 19 жастағы бойжеткен қызымен, ағасымен бірге таксиге отырғаны белгілі болды. Жолда үшеуі де түсіп қалған.

    «Сол кезде ол ағасына тумысынан аурушаң және есепте тұрған баласына қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып, оны өлтіруге ұсыныс жасаған. Келіспеген жағдайда өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтқан. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп, екеуі баланы өлтіруге бел буған» делінген сот хабарламасында.

    Артынша 19 жастағы қыз бен оның ағасы церебралды сал ауруына шалдыққан қызд алып, қала сыртындағы бұрынғы зауыттағы қоқыс төгентін жерге қарай барған.

    «Дәрменсіз баланы жерге жатқызып, қылқындырып өлтірген. Баланың жан тапсырғанына көз жеткізген. Одан кейін мәйітті жасырып, төбешіктің үстінде сырттай бақылап тұрған қарындасын алып, оқиға орнынан бой тасалағандары анықталды» дейді сот.

    Қазір іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен тергеліп жатыр. Екеуі де кінәсін мойындады. Оларға тергеу аяқталғанша екі ай мерзімге күзетпей ұстау санкциясы берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Еске салсақ, Алматы облысы Сарқан ауданындағы қоқыстардың бірінен бес жасар баланың мәйіті табылған. Баланың басы денесінен шамамен бес метр жерде жатқан. Полицейлердің мәлімдемесіне сүйенсек, қыздың анасы 2002 жылы туған жергілікті тұрғын. Баласын 2017 жылы 15 жасында дүниеге әкелген.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    MEGA желісінің барлық сауда және ойын-сауық орталығы жабылды

    Фариза

    Қостанай облысында туған жездесін бауыздап өлтірген боксшы қылмыстық жазаға тартылмады

    Фариза

    «Карантинде аш отырғандар қайда?» Қазақтың қадірлі қонағына ғана қоятын малдың басы бүгінде қоқыстарда жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.