-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Желіде тойда шпагатқа отырған «әженің» видеосы қызу талқыға түсті

    Желіде тойда билеп, шпагатқа отырған әженің видеосы тарады. Алайда Желі қолданушылар видеодағы кейіпкер әже емес екенін айтып, түрлі пікір жазған, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Қазнетте бұл видео Атыраудағы тойлардың бірінде түсірілгені айтылады.

    Пікір білдіргендердің бір тобы жас болса да, бұлай істей алмайтындарын жазған:

    Апамыз от қой!

    Әжем мықты, шпагатқа отырады, жасында гимнастикамен айналысқан болар!

    Шынында да, әже ме?

    Бала кезінде гимнастикаға қатысқан ғой деймін.

    Апамыз базар жоқ екен.

    Апаға күш-қуат берсін, көңіл жас қой!

    Акробатка апа, өлтірдіңіз! 

    Енді бір топ жасы келген адамның бұл әрекеті ұят екенін айтты:

    Кейінгі кезде осындай әжелер көбейіп кетті. Әрине, ол жақсы, денсаулыққы пайдалы, бірақ үлкен кісілерге тойда олай жасаған ерсі екен.

    Ұят қой, жастардың ортасында әр адам өзінің жасына сәйкес болуы керек. Сонша не болды құтырып? Тіпті жараспайды ғой. Балалармен немерелердің арасында!

    Жасы келген адамға жараспайды, ерсі көрінеді екен!

    Ал кейбіреулер бұл жай ғана образ екенін жеткізген:

    Ата-әже болып киініп алған жастар ғой, қойылым.

    Жігіт қой ойнап журген.

    Ол әже емес, жас қыз орамал тағып, солай жүрген.

    Негізі, ер адам ғой әже ролінде.

    Әже емес, солай киініп алған.

    Кемпір-шал болып ойнап жүрген әртістер ғой, бұрыннан бар Атырауда!

    қатысты посттар

    9-жасар қалыңдық: Үйлену тойдағы видео жұртты жылатты

    Адамдардың қатыгездігін көрсететін қорқынышты 15 фото

    Алматы облысында әйел өзінің шешесін өлтірген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.