Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сара Назарбаева қызметінен босатылды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы жарлықтағы өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды.

    Сонымен қатар комиссия құрамы да өзгерді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Онда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамынан бірқатар адамның шығарылғаны көрсетілген. Тізімде Сара Назарбаева да бар.

    «Комиссия құрамынан: Э.Ә. Азимова, М.Д. Айтмағанбет, С.М. Айтпаева, Л.Ж. Ахмурзина, А.И. Әбибуллаева, М.Ә. Әкімжанова, С.Б. Байқошқарова, Г.А. Бөрібаева, Л.Е. Ибрагимова, Л.М. Қалтаева, Д.Т. Мұқаев, А.Қ. Мұсақожаева, С.А. Назарбаева, Д.Ж. Нөкетаева, Н.Е. Сағындықова, С.Х. Салихова, Р.Б. Сәрсембаева, Б. Смағұл, Қ.А. Сүлейменова, Б.С. Тұтқышев, Ә.Ү. Хайруллина, Қ.Ә. Шайх, З.К. Шәукенова шығарылсын», — делінген Жарлықта.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды

    Фариза

    Ермекбаев Арыстағы жарылыс кезінде қаза тапқан майордың отбасына көңіл айтты

    Министр Қазақстандағы жаңа облыстар қашан бөлінетінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.