-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда қандай инфекцияға қарсы тегін екпе салынады

    Қазақстанда жүргізілетін Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі үкіметтің 2020 жылдың 24 қыркүйегіндегі қаулысымен бекітілген.
     
    Қазір республикалық бюджет есебінен күнтізбеге В вирусты гепатиті, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, эпидемиялық паротит, гемофильді және пневмококк инфекциясы сынды 11 инфекцияға қарсы екпе енгізілген.
     
    Жергілікті бюджет есебінен 2 жасар балаларға А вирусты гепатитіне қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Дәл осы аурулар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және эпидемия туындағанға дейін адамдар арасында таралу қаупі жоғары болып саналады.
     
    Ұлттық күнтізбеге енген инфекциялардан басқа да қауіпті аурулар бар. Олар — Сібір жарасы, туляремия, іш сүзегі, оба, кене энцефалиті, тұмау. Оларға қарсы екпе азаматтарға жұқпалы ауру қаупі төнген кезде, сондай-ақ эндемиялық аймақтарға баратын немесе сондай аймақта тұрақты тұратын адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егіледі.
     
    Қазақстанда вакциналау тегін жүргізіледі. Ол барлық қазақстандық үшін, сонымен қатар басқа елдерден келген қонақтар үшін әркезде қолжетімді.
     
    Дүниежүзілік иммундау апталығы кезінде барлық адам мекенжай бойынша тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан тұрғылықты жері бойынша емханада вакцина салғыза алады.
     
    Иммундау үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған отандық және шетелдік иммунобиологиялық препараттар қолданылады.
    Қазақстанда қандай инфекцияға қарсы тегін екпе салынады - Sputnik Қазақстан

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    Қармақшы ауданы: 40 жоба, 809 жаңа жұмыс орны

    Фариза

    Қызылорда облысының балық өнімдері 7 мемлекетке экспортталады

    Фариза

    Алматыда ҚБТУ маңында ОМОН-дар мен өрт сөндіру көліктері жиналуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.