15 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады?

    Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл соманың 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Мұны Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап

    Референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. Мұстафинаның сөзінше, комиссия шотына ақша әлі түспеген.

    «Бұл соманың 21 пайызы (3 миллиард 456,6 миллион теңге) дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге кетеді», — деді Мұстафина.

    Оның айтуынша, шығынның басым бөлігі баспа өнімдерін, соның ішінде бюллетеньдерді, сонымен қатар, нашар көретін және зағип жандарға арналған трафареттерге кетеді.

    «79 пайыз (13 миллиард 3 миллион 400 мың теңге) комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Еңбекақы ел бойынша орташа айлық жалақы көрсеткішіне сай», — деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.

    қатысты посттар

    Қазалы ауданында күніне 12 мың кірпіш шығаратын цех жұмыс істеп тұр

    Фариза

    Қазақстандықтарға көшеде маска тағып жүру талабы енгізілді

    Фариза

    Қызылордада мұғалімдердің дұрыс есептелмеген жалақылары өндіріліп берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.