Ер адамның барлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Әйелдің айтуынша, полицейлер бұл оқиғаға қатысты дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, оқиға наурыздың 27-сінен 28-іне қараған түні болған. Күйеуі онымен бірге жеделсатының ішіне кіреді де, кенет арт жағынан бастан ұра бастайды. Ол, тіпті, есін жоғалтқан кезде де ер адам ұрып-соғуын жалғастыра берген. Бұдан бөлек ол таңертең үйдің ішінде басынан ұрған.
Зардап шеккен әйел күйеуінің бұл айуандығы жайында «Не молчи» қорындағыларға айтқан. Өзінің айтуынша, ол 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық полициясына арыз жазады. Онда «күйеуім мені лифтіде және үйде, яғни екі рет ұрып-соқты» деп нақты жазған. Алайда полицейлер бұл сөздерді әлі күнге дейін елемей отыр екен.
Полиция департаментіндегілердің айтуынша, қазіргі кезде бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелген.
«Жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген. Күдіктіге «ешқайда кетпесін және өзінің мінез-құлқын реттесін» деген шара қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», — дейді полицейлер.