Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Президент бірқатар адамға шен мен атақ берді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
    Президент салтанатты рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтап, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің үлесін ерекше атап өтті.
    Мемлекет басшысы күштік органдарда қызмет етудің абыройлы миссия және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары мен сардарлары өздерінің ептіліктері мен қабілеттерін тұрақты түрде шыңдай отырып, озық жауынгерлік шеберліктерін көрсетіп келеді.
    Президент Екінші Дүниежүзілік соғыста 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанғанын, бірақ көптеген майдангеріміздің ерліктері түрлі себептерге байланысты елеусіз қалғанын еске салды.
    Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушы офицерлерге аты аңызға айналған үш ержүрек жауынгердің ерен ерлігі туралы айтты. Бұл майдангерлерге қаза болғаннан кейін бүгін «Халық қаһарманы» атағы берілді.
    Бұдан кейін Президент мемлекеттік наградаларды табыстап, офицерлерге әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берді.
    Марапатталғандар:
    I дәрежелі «Даңқ» орденімен Лепеха Игорь ВладимировичІшкі істер министрлігінің аппарат басшысы.
    ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Ақтанов Қайрат Михаилұлы — Ұлттық гвардия Бас қолбасшысының бірінші орынбасары, Бәденов Фазылолла Жұмағазыұлы — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штаб бастығы, Ирменов Марат Гатауллаұлы — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы департаментінің бастығы, Көшекбаев Мереке Мәтімұлы — Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
    ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Аймұқанов Ренат Борисұлы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Әкітбаев Қадыржан Естайұлы — ұлттық қауіпсіздік комитеті басқарма басшысының орынбасары, Қуатов КонстантинБейсенұлы — Ұлттық гвардия «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, Мырзахмет Нұрлан Амандықұлы — ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары, Оралбеков Нұржан Қойшыбекұлы — қорғаныс министрлігі десанттық-шабуылдаушы батальонының командирі, Сұлтанбекұлы Жандарбек — Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры, Хасанов Тимур Төлегенұлы — қаржылық мониторинг агенттігі департамент басшысының орынбасары, Хасенов АзаматБақытжанұлы — мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы, Шалбаев Ердос Елубайұлы — мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары;
    ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Молдаханов Мәди Қанышұлы — қорғаныс министрлігі барлау ротасының топ сержанты;
    «Құрмет» орденімен Агафонова Ольга Валерьевна — ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің басқарма бастығы, Ілияс Жанар Мұхаммедрахымқызы — Құқық қорғау органдары академиясының басқарма бастығы;
    «Ерлігі үшін» медалімен Ефремов Евгений Сергеевич — төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінің №1 арнайы өрт сөндіру бөлімшесінің командирі,
    Ешмағанбетов Қанат Маратұлы — төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №10 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары
    Сұрағанов Ерлік Нұрланұлы — ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаментінің полицей-кинологы
    Тойжігітов Әлімжан Досмұханбетұлы — төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
    «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Базарбайұлы Қайрат — қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік ротасының командирі, Бекеев Ернар Өмірбайұлы — ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары, Қараев Талғат Темірбекұлы — ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға офицері, Қожабаев Ерік Елеусізұлы — қорғаныс министрлігі әскери бөлім командирінің орынбасары, Күзенов Нұрболат Байғабылұлы — мемлекеттік күзет «Көкжал» арнаулы мақсаттағы басқармасының күзет офицері, Махалиева Мөлдір Бақытжанқызы — ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі, Мырзабаев Алмас Ілесбекұлы — қорғаныс министрлігі десанттық-шабуылдаушы батальонының командирі, Түсіпов Серік Амантайұлы — ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;
    «Ерен еңбегі үшін» медалімен Әлімқұлова Эльмира Рахметілдәқызы — Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталінің дәріхана бастығы.

    қатысты посттар

    Министрліктің Талдықорғандағы бөлімінің басшысы әскери билет «сатып алмақ» болған

    Фариза

    «Бір адамға 500 мың теңге…» — ақша айырбастау ережелерінің көңілге қонымсыз тұстары

    Қызылорда: Қазалыда 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.