-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

    Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) директорының міндетін атқарушы Алмас Ордабаев оқушы қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Ордабаевтың Tengrinews.kz тілшісіне айтуынша, қыз 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап РФММ-де оқиды.

    «Дарынды бала екенін көрсетті, оқу міндеттеріне жауапкершілікпен қарады, барлық пән бойынша «4» пен «5», жаратылыстану-ғылыми пәндер цикліне қабілеті болды. Сабақтан себепсіз қалмайтын, сабаққа кешіккен емес», — деді Алмас Ордабаев.

    Оның айтуынша, оқушы табиғатынан ұстамды, эмоциялық тұрғыдан тұрақты бала болған. Сыныптастарымен қарым-қатынасы қалыпты және мұғалімдермен әрқашан сыпайы, ақжарқын, мейірімді болған.

    Дүйсенбі, 3 мамырда оқушы сабақта болған.

    «Сол күні сыныптастарымен де, мұғалімдерімен де жанжал болған жоқ. Оқушы қыз әдеттегідей жүрді. Сабақ біткен соң үйіне қайтқан. 4 мамырда таңертең қыздың әкесі телефон соғып, қыз қайтыс болғанын хабарлады. Мектеп отбасына жан-жақты моральдық қолдау көрсетіп жатыр», — деді Ордабаев.

    Сондай-ақ, ол қыздың отбасы толыққанды екенін атап өтті. Қыз университетке түсуді жоспарлаған және мектебін жақсы көрген екен.

    «9 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруы керек болатын. Ол жақсы оқыды, емтихан туралы алаңдамады. Тоғызыншы сынып оқушылары тапсыратын барлық пән бойынша ол өте жақсы оқитын. Ол уайымдайтын балалар қатарынан емес, психикасы тұрақты қыз. Мектебімізде психологтар оқушылардың мазасыздық деңгейін есепке алады, ал онда мұндай белгілер мүлде болмаған. Сондықтан, өзіміз де қазір қатты күйзеліп қалдық, не болғанын түсінбей отырмыз. Полицейлер анықтап жатыр, олар келіп, мұғалімдер мен сыныптастарынан ата-анасының көзінше жауап алды», — деді Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) директорының міндетін атқарушы Алмас Ордабаев.

    Алматы ПД мәліметінше, оқиға 4 мамырға қараған түні Алматы қаласы Медеу ауданында болған.

    «Үй ауласында А. есімді сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған. Ол асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

    Бұл дерек ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша тергеліп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда.

    Дереккөз: Tengrinews.kz 

    қатысты посттар

    Ротвейлер өз иесінің қызын талап өлтірді

    «Жаңа Конституция керек». Түрмеден шыққан Макс Боқаев алаңда билікке талабын айтты

    Фариза

    Қарағанды облысында сәбидің үстіне 6 литр ыстық су төгіліп кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.