-15.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Президент 9 мамырда елордадағы ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне қатысады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 және 9 мамырда өтетін мерекелік шараларға қатысады. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, 6 мамырда «Қазақстан» орталық концерт залында Президент әскери қызметшілерді, Қазақстанның Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдардың ардагерлерін, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерін, қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтайды.  

    Сондай-ақ 7 мамырда Нұр-Сұлтанда Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрда мерекелік концерт өтеді.

    9 мамырда Қазақстанның барлық аймағындағы Даңқ мемориалдарына, әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлерге арналған ескерткіштерге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштерге гүл қою рәсімі ұйымдастырылады. Бұл күні Мемлекет басшысы елордадағы «Отан қорғаушы» монументіне гүл қою рәсіміне қатысады.

    Мереке күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттар үйінде және соғыс ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында, сондай-ақ «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында шығармашылық ұжымдар мен ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бас ансамблі өнер көрсетеді. Мұндай іс-шаралар Қазақстанның барлық аймағында өтеді.

    Айта кетсек, биыл Жеңіс күні құрметіне елордада отшашу болмайды, сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі әскери шеру өткізбейді. 

    2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 387 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектері және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан 72 468 азамат тұрады.

    қатысты посттар

    «Әрбір азамат көз жұмған соң азғасын донорлыққа бере ме, оны тірі кезінде айқындап алуы керек» — Нұрлан Нығматулин

    Түркістан облысында корпоративтен «қашқан» шенеуніктер видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Мәжіліс екпе салуды міндеттейтін заңды мақұлдады. Тілеухан қарсы дауыс берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.