-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Сергекте» жаңа функция қосылды: Алматыда бір тәулікте 12 миллион теңге айыппұл жазылған

    «Сергек» жүйесіндегі жаңа функция іске қосылды. Жаңа «Қорғау Сергек» бағдарламасы жалған нөмірлі көліктерді анықтайды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

    «Жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланатын, автокөліктерге арнайы сигнал беру құрылғыларын орнататын көлік құралдарының жүргізушілерін, сондай-ақ мас күйінде көлікті басқаратын адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр», — деді полиция өкілдері.

    Мысалы, кейінгі тәуліктің өзінде «Қорғау Сергек» бағдарламасы арқылы жалған нөмірмен жүрген 11 автокөлік анықталған. Олар бір тәулікте 790 рет ереже бұзған. Жалпы, 12 миллион 680 теңге айыппұл салынған. 

    «Ол көліктер ұсталып, арнайы айып тұрағына қойылды», — деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы полиция полковнигі Манап Саттаров. 

    Оның ішінде 1992 жылы туған А. есімді ер адам ұсталған. Ол жол ережесін 92 рет бұзған. Жалпы, 1 миллион 541 мың теңге айыппұл салынды. 

    «Қорғау Сергек» жүйесі пилоттық режимде 2021 жылдың қарашасынан бастап пайдаланылып келе жатқанын атап өткен жөн. Жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБК 590-бабының 3 және 4-бөліктері) 171 көлік құралы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кейінгі тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауыс зорайтқыш сигналдарды заңсыз пайдаланатын екі автомашинаның жүргізушілері ұсталды. Сонымен қатар, көлік басқармасынан 7 мас жүргізуші шеттетілді», — деп түйіндеді полковник Саттаров.

    қатысты посттар

    Шиеліде 378 адам жұмыспен қамтылды

    Фариза

    25 адамды үтікпен азаптаған. Прокуратура қанша полицей ұсталғанын айтты

    Фариза

    Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.