Воскресенье, 26 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент қамауға алынды

    Нұр-Сұлтанда  кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент он тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    «Бұған дейін полицияның «102» арнасына елорда тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен болатын. Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды», – делінген хабарламада.  

    Құқық бұзушыға айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзу дерегімен  ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

    Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, 10 тәулік мерзімге қамауға алынып, арнайы қабылдау мекемесіне қамалды.

    қатысты посттар

    «90 пайызы күйік шалған» Өзін-өзі өртеген әйелге өрт сөндірушілер сусыз келді

    Фариза

    Белгілі меценат Қайрат Құдайберген коронавирусқа шалдығып, көзіне жас алды

    Фариза

    «Зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі» Министр 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері қанша пайызға өсетінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.