Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Кәрім Мәсімовтің інісіне іздеу жарияланды

    Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша). Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.

    «Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.

    Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — делінген ведомство хабарламасында.

    қатысты посттар

    Елжан Біртанов: «Бостандықта жүрсем, елге көбірек пайдам тиер еді»

    Фариза

    Иманғали Тасмағамбетов Astana LRT сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікке ілінді

    Фариза

    Алматыда университет жерін заңсыз сатқан шенділер ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.