Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    Белгілі себеппен ораза ұстай алмаған адамдар фидия садақасын төлеу керек

    Фидия – күніне таңертең-кешке Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасау «фидия» деп аталады. Алла Тағала:«Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) фидия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек» деді.

    Рамазан айы бойы ораза ұстау әрбір ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен ер мен әйелге парыз. Алайда осы айда қандай да бір ауруға душар болғандар (кейіннен жазылған жағдайда), сапарда жүргендер, жүкті және бала емізетін, хайыз, нифас секілді үзірлі жағдайдағы әйелдер рамазан өткен соң ұсталмаған күндерінің қазасын өтейді. Бірақ қасиетті айда ауырған адам кейін де ораза ұстауға шама-шарқы мүлдем келмесе, яғни ауруынан жазылмайтынына көзі жетсе, қартайып ораза ұстайтын күші болмаса, мұндай адамдарға әр күн үшін фидия садақасын беру міндеттеледі. Егер фидия беретін адам өзі өте кедей болып, басқаларға фидия беретін жағдайы болмаса оған фидия беру уәжіп емес. Өйткені ислам діні міндетті шамасы жетпейтін адамға жүктемейді. Құранда: «Аллаһ тағала ешкімге шамасынан тыс міндет жүктемейді» дегені осының бір дәлелі. Ал ораза ұстауға әлі жететін, қазасын өтей алатын кісі фидия садақасын беріп міндетінен құтыла алмайды. Тіпті дәрігерлер ауруыңнан жазылмайсың деген кісі фидия садақасын бергеннен кейін жазылып кетсе, ұсталмаған оразасының қазасын өтейді.

    Қандай жағдайларда фидия садақасы беріледі?

    Туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, асқазан жарасы (язва), тыныс және жүрек демікпесі (астма) секілді сауығуына күдер үзген ауруға шалдыққан науқастар және жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. Оның орнына фидия береді. Фидия садақасы – ол орта есеппен бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның мөлшері қазіргі таңда ең азы 3000 теңге деп белгіленді

    Рамазан айының қазасын өтей алмаған адам ажалы таяп, өлер шағында артындағыларға қалған малынан фидия беруді өсиет етеді. Бұл өсиет марқұмның мал-мүлкінің үштен бірінен жұмсалады. Рамазан айының күн сайынғы оразасы үшін фидия беріледі. Фидияны өлі адамды жерлегеннен кейін беруге болады, бірақ жерлеуден бұрын берген абзал.

    Фидия садақасын кімдерге беруге болады?

    Бірнеше күннің фидиясын бір адамға немесе бірнеше адамға бөліп бере алады. Бұл садақа халықтың кедей топтарына, тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы отбасына, халі нашар мүгедек жандарға үлестіріледі. 

    Фидия садақасын Kaspi.kz қосымшасы арқылы беруге болады

    қатысты посттар

    Рамазан айында вакцина салдырып, ПТР-тест тапсырғандардың оразасы бұзыла ма?

    Фариза

    «Діндар-тақуалардың өзін ызбарлы бейнеге, ызақор кейіпке түсірді…» Мұхамеджан Тазабек

    2022 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.