16 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталды — ҰҚК

    ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігіне іліккен адамдар тобын, оның ішінде шетел азаматын ұстады, — деп хабарлайды Qazweek.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.

    ҚР ҚК-ның 175-бабы 1-бөлігі («Мемлекетке опасыздық жасау»), 176-бабы («Тыңшылық») және 185-бабы 3-бөлігі («Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету») бойынша қылмыстық істер қозғалды», — делінген хабарламада.

    Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

    ҰҚК мәліметінше, қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    қатысты посттар

    Тоғжанов: қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан курсанттардың отбасыларына баспана беріледі

    Фариза

    Қызылорда қаласының дәріханаларына 400 қорап дәрілік заттар жеткізілді

    Фариза

    Біздің елде әлі күнге қуғын-сүргін құрбандарына бір минуттық үнсіздік құрметі көрсетілмейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.